Туған қызы мен қарындасын күнде зорлайтын: Елордалық әйел күйеуі жайлы сұмдықты баяндады

0
1 814

Әйел 20 жыл өз күйеуінің құлдығында болған.


Туған қызы мен қарындасын күнде зорлайтын: Елордалық әйел күйеуі жайлы сұмдықты баяндады

фото: кадрдан скринделген

Сұмдық оқиға! 20 жыл құлдықта болған елордалық Шолпан Көшербаева басынан өткен жантүршігерлік жайттарды айтып берді. Ол 3 адамның өлімін өз көзімен көріпті. Енді дәл қазір оны да өлтіреміз деп артынан қалмай қорқытып жүр. Басынан өткенін айтсаң, адам нанғысыз. Көзін қышқылмен күйдірген, апталап тамақ бермеген, арақты мәжбүрлетіп ішкіздіріп, зәбір көрсеткен. Сорақысы, мұның бәрін істеп жүрген бөтен адамдар емес, күйеуі мен оның туысқандары, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған адам айтса нанғысыз, сұмдық оқиғаның басты кейіпкері - Шолпан Көшербаева бұл. Денесінің сау жері жоқ. Тағдыры тым қиын болыпты. Ажырасқан, қолында екі баласы бар Шолпан екінші рет күйеуге шығам деп ойламапты. Бірақ, бір жыл өтпестен тағы ғашық болады. Сонысы үшін әлі күнге дейін өкінеді.

"Менің сол кезіме қышқылды сеуіп жіберді. Не үшін де сұрадым. Жай дедім. Одан бөлек қолым кеудеме пышақ сұққан кездері болған. Жалпы, ішіп алып істемегендері жоқ", дейді жәбірленуші Шолпан Көшербаева.

Күйеуінің тұрақты жұмысы болмаған. Үйге күніге бөтен біреулерді ертіп, ішеді дейді. Ал арақ-шарабының ақшасын ұрлықпен тапқан көрінеді. Алайда көрмегенді Шолпан ғана көрген жоқ. Күйеуі олармен бірге тұрған туған қарындасы мен оның 5 жасар қызын күнде зорлапты. Өзі ғана емес, сырттан келген алқаш достары да.

"Тамақты апталап бермеген кездері болған. Туған қызын да зорлайтын", дейді Шолпан Көшербаева.

20 жыл бойы "осымен қоятын шығар" деп шыдап келген Шолпанның шыдамы былтыр қазан айында таусылды. Бәрі ұйықтап жатқанда қашып кетті. Алайда полицияға бірден арыз жазса да, оны әлі күнге қабылдамапты. Өйткені полицейлер таныс-тамырым жоқ мені емес, ауылдық әкімдікте жұмыс істейтін күйеумнің әпкесін тыңдайды дейді Шолпан. Ал қарсылық білдірсе болды, жындыханаға жатқызамыз деп қорқытыпты.

"Ол 20 жыл бойы құлдықта өмір сүрсе де, әлі күнге дейін арызымды қабылдаңызшы деп бәріне жалынып жүр. Бұл не деген масқара? Қылмыстық істі қозғамаған. Ешқандай шара да қолданбай келеді", дейді құқық қорғаушы Талас Сағымбаев.

Жантүршігерлік қылмыстар жасалды делінген тұрғын үйге өзіміз де бардық. Алайда үйден ешкімді таппадық. Ал көршілері Шолпан қашып кеткелі бері, оларды мұнда көрмедік, соған қарағанда полиция келеді деп қорыққан ғой дейді.

"Иә, бұл пәтерде тұрған, бірақ міне 2 ай болды оларды көрмедік. Үнемі айқай-шу болатын осы үйде. Бөтендер көп келетін. Бірге тұратын кішкентай балақайлары бар. Үнемі қараусыз, бет-қолы жуылмаған болып жүреді әйтеуір. Талай рет шағымдандық, бірақ нәтижесі болмады", дейді көршісі Әсем.

Шолпанның азаматтық некедегі жұбайынан тапқан екі баласы бар. Бірақ оларды көрмегеніне көп болды оның. Күйеуінің әпкесі өзіне алып кетіп, Шолпанды ата-ана құқығынан айырған көрінеді. Ал қазір әбден қорқып, күйеуінен тығылып жүрген оның бар арманы қалған өмірін балаларымен бірге бақытты сүру.