​ Түлектер ҰБТ-ны қашан қайта тапсырады?

0
1 381

15 маусымда өткен тестілеуде 160 мыңға жуық оқушының 40 пайызы шекті деңгейді еңсере алмаған.


​ Түлектер ҰБТ-ны  қашан қайта тапсырады?

Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру мәселесі шұғыл шешілуі керек. Мәжілісте депутаттар Білім және ғылым министрлігіне осындай сауал тастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Түлектерге екінші мүмкіндік берілгенімен, тестілеудің нақты мерзімі ресми хабарланған жоқ. Тек ауызша түрде тамыздың соңына белгіленген. Осыған алаңдаулы ата-аналар мәжілісмендерге хат жолдапты. Сонымен қатар, депутат Серік Ерубаев түлектердің тест нәтижесіне қашықтан оқыту кезіндегі стрестік жағдайлардың ықпал еткенін де атап өтті.

"Өткен жылдардың статистикасын бәріміз білеміз, қанша түлек стресске төтеп бере алмай, төтенше шараларға барды. Иә, кейбір баланың таланттарын көпшілік жүре бара байқайды. Сондықтан біздің түлектеріміздің алдында есік жабудың қажеті жоқ. Олардың арасында болашақ жетекшілер, таланттар, не жай лайықты азаматтар шығуы мүмкін", - дейді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев.


Депутаттың дерегінше, 15 маусымда өткен тестілеуде 160 мыңға жуық оқушының 40 пайызы шекті деңгейді еңсере алмаған. Ал 1200-ге жуық түлек тестілеуге мүлдем жіберілмеген. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдаған депутат мәселені жеке бақылауға алуын сұрады.