Түлектердің назарына: Ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға тегін дайындауды бастады

0
624

​Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.


Түлектердің назарына: Ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға тегін дайындауды бастады

ERNUR.KZ. 8 желтоқсаннан бастап республикалық ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар жүргізеді, деп жазады Zakon.kz.

Сабақтар қашан және қайда өтеді?

  • Qazbilim– күн сайын сағат 20.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) қазақ тілінде «Qazbilim.tv» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.
  • Educon Dostyk – әр сейсенбі сағат 19.00-де қазақ тілінде, ал сағат 20.00-де орыс тілінде «Dostyk Bilim» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өтеді.
  • Zerdeli – әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 20.00-де «Zerdeli.kz» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.
  • Sabaq online – әр сенбі сағат 15.00-де «Sabaq online» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.
  • Samga – жұма күні сағат 20.00-де «Samga online» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.
  • Daryn online – әр сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 18.00-де «Daryn online» YouTube арнасында тікелей эфирде сабақ өткізеді.

Ұлттық тестілеу орталығы барлық сабақтардың сақталатынын мәлім етті.