«Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттары жарияланды

0
569

2023 жылы бәйгеге қатысу үшін 300-ге жуық өтінім келіп түскен.


«Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттары жарияланды

Телевизиялық шеберлік саласындағы «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық бәйгесі 12 номинация бойынша байқау өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Байқаудың басты мақсаты - кәсіби қоғамдастықтың бағалау призмасы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияны дамытуды ынталандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін көрсету.

2023 жылы бәйгеге қатысы үшін 300-ге жуық өтінім келіп түсті, ең көп өтінім «Үздік тележүргізуші», «Үздік тележурналист», «Үздік әлеуметтік жоба» номинациялары бойынша қабылданды. «Тұмар» ұлттық байқауына республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар қатысты.

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынайды.