"Тұңғыш Президент" стипендиясының атауы өзгертіледі

0
501

Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады. ​


ERNUR.KZ. "Тұңғыш Президенті-Елбасының мемлекеттік стипендиясы" енді басқаша аталады. Атауын өзгерту туралы жоба "Ашық НҚА" сайтында қоғам талқылауына жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген құжатқа қарағанда, "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" деген жарлықты "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы" деп өзгертпек.

Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады.