Тұңғышбай Жаманқұловтың ғимараты дау туғызды

0
1 026

Аты дардай актердің кесірі елуге тарта бала мен жүзден аса тұрғынға тиюде.


Тұңғышбай Жаманқұловтың ғимараты дау туғызды

Алматыда тұтас бір ықшамаудан тұрғындары Тұңғышбай Жаманұқұловқа тиесілі қаңыраған ғимаратты жиырма жылдан бері сүргізе алмай әлек. Екі қабатты нысан жын-шайтан мен ішкіштердің мекеніне айналған. Айналасы қоқысқа толып, екі күннің бірінде ойын балалары биіктен құлайды екен. Шенеуніктер өнер иесіне қанша айыппұл салғанымен, қолға алып жатқан Тұңғышбай Жаманқұлов жоқ дейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар бұл мәселе туралы әкімдікке айтқанымен, шенеуніктердің алып тұлға Тұңғышбай Жаманқұловқа өктемдігі жүрмейді деп ашынады. Әйтпесе, ай сайын келіп, тексеріп кететін көрінеді өнер иесі. Тек, жұрттың шамына тиген нысанды не сүрмейді, не қоршауға алмайды деп күйінеді.

"Бай болғаннан кейін, қалтасында ақша болғаннан кейін халықтың дауысын, жанайқайын естігісі де келмейді. Қоршасын, болмаса охрана қойсын", - дейді қала тұрғыны Сара Жүнісова.

Аты дардай актердің кесірі елуге тарта бала мен жүзден аса тұрғынға тиюде. Түн жарымда жанынан кәлимасын айтып өтеді. Одан бөлек ойдым-ойдым жолдарынан жүру мүмкін емес, ал қоқыс исі мүлде жаман.

Ал, қаңыраған ғимарат кезінде жылыту қазандығы болған. Кеңес үкіметі ыдыраған соң Тұңғышбай Жаманқұлов сатып алыпты. Өнер иесіне сан рет айыппұл төлетсе де, «жер телімін сатамын» деп өздерін сандалтып жүргенге ұқсайды.

Жиырма жылдан бері елдің есін шығарған ғимаратты ел ағасы бір жақты етпесе, шенділердің өзі құзырлы органнан көмек сұраймыз дейді.