Түнгі клубқа барған ақтөбелік төртінші қабаттан құлап кетті

0
577

44 жастағы азамат жолдастарымен түнгі клубқа қыдырып барған. Баспалдақтың темір тіреуішін ұстап, секіріп тұрғанда қасында достары болыпты.


Түнгі клубқа барған ақтөбелік төртінші қабаттан құлап кетті

Ақтөбелік тұрғын түнгі клубтың төртінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

44 жастағы азамат жолдастарымен түнгі клубқа қыдырып барған. Баспалдақтың темір тіреуішін ұстап, секіріп тұрғанда қасында достары болыпты.

Ойнап тұрып оқыста бар салмағымен төменге қарай ауып кетеді. Төртінші қабаттан құлаған тұрғын қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Ал, тәртіп сақшылары жанындағы жолдастарын бәстесіп, әдейі өзіне қол салуға итермелеу туралы күмән болмау үшін тергеп жатыр.

“Түнгі клубтардың бірінде төртінші қабаттан құлап, дене жарақатын алды. Қазір Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы қазіргі таңда анықталуда”, – дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.