Тұншығып қалған: Петропавлда ер адам жазатайым оқиғадан көз жұмды

0
669

Қайғылы оқиға түнгі уақытта болған.


Тұншығып қалған: Петропавлда ер адам жазатайым оқиғадан көз жұмды

ERNUR.KZ. Петропавлда ер адам жылу жолын жөндеу үшін қазылған терең траншеяға құлап, көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оқиға түнгі уақытта болды. 35 жастағы ер адам орды байқамай қалса керек, оған құлап, шыға алмай, ішіндегі суға тұншығып қалды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, бұл істі қарау әлі жалғасып жатқанын, барлық мәлімет, атап айтқанда, жылу жолы қоршалған-қоршалмағаны анықталып жатыр.

"Петропавлда Крепостная көшесі, 152 мекенжайындағы үйге қарама-қарсы жылу жолының жанынан ер адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.

Алдын ала болжам бойынша, 1984 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны жазатайым оқиғадан қайтыс болды деген қорытынды жасалып отыр.