Головацкий ауылындағы «Жаскент» балабақшасының тәрбиешілері балаларды тұншықтырып, ұрған.
ERNUR.KZ. Жетісу облысы Жаркент қаласында балабақшада болған жағдайдың видеосы желіге тарап кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Головацкий ауылындағы «Жаскент» балабақшасының тәрбиешілері балаларды тұншықтырып, ұрған. Тәрбиешінің балаларды ұрғанын бұлдіршіндердің ата-аналары анықтаған. Себебі балалары үйге жарақат алып келген. Ата-аналар балабақшадағы бейнекамераларды қарау барысында тәрбиешілердің балаларға қол жұмсағанын көрген. Оны көреген кейбір ата-аналар есінен танып қалған.
Ата-аналар бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Оқиғаға қатысы бар балабақша әдіскері, тәрбиешінің көмекшісі, тәрбиеші 2024 жылдың 15 мамыр күні жұмыстан босатылған.
Жетісу облысы полиция департаменті хабарлағандай, іс бойынша қазіргі уақытта терге жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс департамент қадағалауында», - делінген хабарламада.