Тұрғымбаев: Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады

0
799

Министр балаларды қоқысқа тастайтын, далада қалдыратын, тіпті қол жұмсайтын фактілер жиілеп кеткенін атап өтті


Тұрғымбаев: Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев балаларға қатысты қылмыстарға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы министр өзінің facebook парақшасында жазды.

«Менің тәжірибемде, жұмыс барысында, өкінішке қарай, жантүршігерлік жағдайлар мен қылмыстар аз болған жоқ. Бірақ қатігез ананың мұндай қандықол қылмысқа баруы - көп сұрақты жауапсыз қалдыруда. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады. Бірақ, маңыздысы ол емес. Маңыздысы – баланың жазығы қандай? Айтуға ауыз бармайтын мұндай қылмыстар неге жасалады? Бүгінгі таңда шарасыз шарананы қоқысқа тастайтын, балаларды далада қалдыратын, тіпті қол жұмсайтын фактілер жиілеп кетті. Бұған назар аудармасақ болмайды! Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан оларды аман-есен бағып, өсіру - әр азаматтың мойнындағы парыз», - деп жазды министр Тұрғымбаев.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысы Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғыны екі жасар ұлын өлтіріп, денесін мұздатқышта жасырған. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған.