Тұрғындар кішкентай қызды зорламақ болған азғынды ұстады (видео)

0
434

Ер адам немересі қатарлы қызды зорламақ болған.


Тұрғындар кішкентай қызды зорламақ болған азғынды ұстады  (видео)

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Ақтөбенің «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында кішкентай қызды зорламақ болған ер адам ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбеде ер адам кішкентай қызға кәмпит беріп, оны зорламақ болған жерінен ұсталды. Бұл оқиғаға тұрғындар куәгер болып, №30 басқарушы компанияның қызметкері бәрін әлеуметтік желіге жариялаған.

«Оқиға бүгін болды. Біздің компания «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында тазалық жұмыстарын жүргізеді. Сол кезде ұстап алған», - деп хабарлады №30 компаниясының диспетчер қызметі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.



Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет