Түрікменстан Қазақстандағы азаматтарын елге қайтарады

0
927

Биліктің ресми мәліметі бойынша, Түрікменстанда коронавирус дерегі тіркелмеген.


Түрікменстан Қазақстандағы азаматтарын елге қайтарады

ERNUR.KZ. Түрікменстан Қазақстан мен Қырғызстанда пандемия кезінде қалып қойған азаматтарын елге қайтарады, деп жазады tengrinews.kz.

"2020 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасында уақытша жүрген 100 Түрікменстан азаматы "Гарабогаз" өткізу бекеті арқылы қайтарып, екі апта карантинге жатқызылады", - делінген "Ориент" жергілікті жаңалықтар сайтында.

Сонымен қатар, "Ориент" хабарлауынша, Түрікменстан азаматтығы бар 16 түрікмен азаматы мен Ауғанстанның 2 азаматы Бішкек-Ташкент рейсімен елге қайтарылады. Азаматтар Лебап облысы әкімшілігінің автомобиль көлігі бөлімінің ғимаратында ұйымдастырылған орталыққа 14 күнге карантинге жатқызылады.

Биліктің ресми мәліметі бойынша, Түрікменстанда коронавирус дерегі тіркелмеген. Алайда елде маска тағу режимі мен басқа да шектеулер бар.