ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруа 150 тонна балық алуды жоспарлап отыр

0
1 137

Шаруа 8 тоған қазып, балықшаруашылығы жандандыруда.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруа 150 тонна балық алуды жоспарлап отыр

Түркістан облысының тұрғыны Алишер Мырзаханов өзінің шаруашылық жеріне жасанды 8 тоған қазып балық асырауды қолға алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда сазаннан бастап карп, беламор сынды балықтың бірнеше түрін кездестіруге болады. Еңбекқор шаруаның тірлігі бүгінде оңға басып, шаруасы кеңею үстінде. «Зарина» балық шаруашылығы 2016 жылы өз жұмысын бастаған. Алғашқы еңбекті жарты гектардан бастаған шаруашылық бүгінде 3 гектарға айналды. Өткен жылы 50 тонна балық алған. Балығының барлығы дерлік Түркістан, Шымкент қалаларына алып кетеді.

«Балықтардың ұрығын алғашқыдаШардарадан әкелінгенбіз, содан бері көбейіп келеді. Жылына бір мезгіл жинап аламыз. Жан - жақтан келіп балық шаруашылығына қызығушылық танытқандарға арнап семинарда өткіздік»,- деген шаруақожалық иесі алдағы уақытта осы ісін тағы кеңейтуді жоспарлап отыр.

Биылғы жылдың науқынан 150 тонна балық аламыз де жоспарлап отыр. Аталмыш шаруақожалықта 5 адам жұмыс жасайды. Жалпы Кентау қаласы Жаңа Иқан ауылында кәсіптің осы түріне ден қойған шаруалар көбейіп келеді. Бүгінде ауылда балық шаруалығымен айналысатын 9 кәсіпкер бар.