ТҮРКІСТАН: Мақтааралда туристерге көрсетілетін қызмет сапасы жақсарып келеді

0
2 387

Бүгінде Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарына Мақтаарал ауданындағы мемлекеттік шекаралық үш кеден бекеті арқылы өтуге болады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда туристерге көрсетілетін қызмет сапасы жақсарып келеді

Мақтаарал ауданы Өзбекстан Республикасының Сырдария және Жызақ облыстарымен шектеседі. Енді «Сырдария» және «Целинный» кеден бекеттері арқылы тек жеңіл автокөліктер ғана емес рейстік автобустар мен микроавтобустардың да өту мүмкіндіктері қарастырылып отыр деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгінде Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарына Мақтаарал ауданындағы мемлекеттік шекаралық үш кеден бекеті арқылы өтуге болады.

Екі мемлекет арасында қарым-қатынасты нығайтып, тауар айналымын арттыру, туризмді дамыту, кедендік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «2037» әскери бөлімі, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы мен Мақтаарал аудандық кәсіпкерлік бөлімі арасында үшжақты келісім түзілді. Келісім негізінде елімізге келетін туристер мен туристік агенттіктер үшін «Атамекен» кеден бекетінде арнайы терезе жұмыс жасайтын болады. Бұл терезе туристерге кезек күттірмей уақыттарын үнемдеуге арналған. Өйткені, «Атамекен» кеден бекеті арқылы бүгінде тәулігіне 6500-ге дейін адам өтеді.

Сонымен қатар, «Сырдария» және «Целинный» кеден бекеттері арқылы тек жеңіл автокөліктердің ғана емес рейстік автобустар мен микроавтобустардың да өтуіне мүмкіндік қарастырылып, туристердің сенімдерін арттыруға, ұсыныстар мен шағымдарды қабылдауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған сенім телефондары жазылған арнайы үнпарақшалар ілінген.