Түркістан полицейлері массаж креслосын мемлекеттік сатып алу арқылы алмақ болған

0
1 188

Қазіргі уақытта Түркістан ішкі істер басқармасы массаж креслоларын 422 мың теңгеге сатып алғысы келеді. Массаж креслосы неліктен қымбат болуын түсінбейміз..


Түркістан полицейлері массаж креслосын мемлекеттік сатып алу арқылы алмақ болған

ERNUR.KZ. Түркістан полициясы мемлекеттік сатып алу арқылы массаж креслосын алмақшы болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторинг тобының мүшесі Рахым Ошақбаев мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ол мемлекеттік сатып алу жүйесінде туындайтын төрт мәселені атап өтті: бағаны көтеру, жасалған келісімшарттардың сомасын арттыру, техникалық ерекшеліктерді ауырлату және орынсыз тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу.

"Біздің пайымдауымызша, 2018 жылы барлық мемлекеттік сатып алудың 72 пайызы бәсекелестікті шектеумен өткізілді. (...) Мемлекеттік сатып алудың тек 30 пайызы ғана тиісті бәсекелестік ортамен өткізілді деп санаймыз", - деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысында Рахым Ошақбаев.

Ошақбаев Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер орынсыз тауарларды сатып алудың бірнеше мысалын келтірді.

"Қазіргі уақытта Түркістан ішкі істер басқармасы массаж креслоларын 422 мың теңгеге сатып алғысы келеді. Массаж креслосы неліктен қымбат болуын түсінбейміз... Міне, осындай мониторинг жүйесі ерте кезеңде орындаушыларды, сатып алуды ұйымдастырушыларды анықтауға мүмкіндік береді, оларды сатып алу әрекеттері қисынсыз", - деді арнайы мониторинг тобының мүшесі.

"Бәсекелестікті шектеу үшін тендер жарияланып, оған ешкім келмеуі үшін баға күрт төмендетіледі. Өте үлкен көлем мен ірі соманың бәрі көрінеді. Мұны орындау мүмкін емес. Бірақ бір өнім беруші келеді, келісімшарт жасайды және одан кейін он қосымша келісім арқылы бұл сома көлемін ұлғайтып, бес миллиард теңгеден асады. Бұл құбылыс кеңінен таралған", - деп түйіндеді Рахым Ошақбаев.