ТҮРКІСТАН: Полиция тауға шығып адасып қалған жігіттерді тапты

0
1 044

Олар саңырауқұлақ термек болған.


ТҮРКІСТАН: Полиция тауға шығып адасып қалған жігіттерді тапты

иллюстрациялық фото

Түркістан облысы полицейлері тауға шығып, адасып қалған үш жас жігітті тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

7 сәуір кешкі 20:30-дар шамасында Түлкібас полициясына жергілікті тұрғын хабарласады. Жас жігіт 2 көршісімен бірге тауға саңырауқұлақ теруге шыққанын, содан ауа райы күрт бұзылып, тұман түсіп, күн бұлттанған соң достарынан адасып, бір орнында қозғала алмай қалғанын айтып, полицейлерден көмек сұрайды.

Аталған хабарлама бойынша аудандық полицейлер тез арада әрекет етіп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында жас жігіттер түскі сағат 13:00 шамасында үйінен шығып кеткені анықталды. Адасқан жігіттер баруы мүмкін деген жерлер мен олар бағыт алған аймаққа қарай тәртіп сақшылары бөлініп, іздестірді.

Нәтижесінде 2 сағат ішінде полицейлер үш жігітті де ауылдан 20-30 шақырым қашықтықта орналасқан көрші елдімекеннен тауып, аман-есен ата-анасына табыстады.

Өз кезегінде ата-аналар ұлдарының дін аман табылуына ықпал еткен полицейлерге ризашылығын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.