ТҮРКІСТАН: Тұтынушылардың қарызы болғанына қарамастан коммуналдық қызметтер үздіксіз көрсетіледі

0
1 022

Егер де табиғи монополиялар субъектілері заңсыз әрекетке барып, өз құзіреті шегінде төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетке барса, шағымдануға болады. ​


ТҮРКІСТАН: Тұтынушылардың қарызы болғанына қарамастан коммуналдық қызметтер үздіксіз көрсетіледі

Түркістан облысында тұтынушылардың қарызы болғанына қарамастан коммуналдық қызметтер үздіксіз көрсетіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілеріне төтенше жағдай кезінде тұрғындардың қарызының болғанына қарамастан тұтынушыларға көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді көрсетуді тоқтатпауға кеңес береді.

Атап айтқанда, жарық, су, газ беру қызметтеріне қарызы барлардың үйіне көрсетілетін коммуналдық қызметтер тоқтатылмайды.

Егер де табиғи монополиялар субъектілері заңсыз әрекетке барып, өз құзіреті шегінде төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетке барса, 8 72 533 4-25-33 телефон нөміріне хабарласып, шағымыңызды қалдыруға болады.