​Түркістанда «Алаштың бақ ордасы – Астана» шарасы өтті

0
1 623

Аталмыш шара Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.


​Түркістанда «Алаштың бақ ордасы – Астана» шарасы өтті

ERNUR.KZ. Астана күні қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алаштың бақ ордасы – Астана» тақырыбында мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Шараға қаламыздың жасөспірімдері, балабақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты - Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру. Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Мерекелік шарада Түркістан қаласының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін көрсетті.
Шара соңында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің бас редакторы Әбдікерім Манапов және бас қор сақтаушысы Нұржамал Әшірбекова мерекелік шараға белсене қатысқан қонақтарды Астана күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жас ұрпақ өнеріне сәттілік тілеп, қорық-музей атынан алғыс хаттармен марапаттады.