Түркия Қазақстанға Anka заманауи соққы беретін дрондарының бір партиясын жеткізеді

0
567

​Ұшқышсыз басқарылатын дрондар соңғы жылдары Түркияның шекара қауіпсіздігі мен лаңкестікпен күресте қолданылып келеді.


Түркия Қазақстанға Anka заманауи соққы беретін дрондарының бір партиясын жеткізеді

ERNUR.KZ. Түркияның Türk Havacılık ve Uzay Sanayii AŞ (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясы алдағы айларда Қазақстанға Anka заманауи соққы беретін ұшқышсыз қалықтайтын аппараттардың бір партиясын жеткізеді. Бұл туралы Anadolu агенттігіне TUSAŞ бас директоры Темел Котил мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Спикер ұшқышсыз ұшатын дрондардың партиясы Туниске жеткізілгенін, енді Қазақстан кезекте тұрғанын растады. Оның айтуынша, басқа да бірқатар елдермен жабдықтарды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

"Түркия бүгінде ұшқышсыз басқарылатын дрондарды жасауда шетелдік технологияларға тәуелді емес. Anka-ға арналған қозғалтқыш біздің елде де шығарылады. Дрондарға сұраныс үлкен", – деді Котил.

TUSAŞ бас директоры сондай-ақ құрылғыны жетілдіру тоқтамайтынын және Түркияғамен ынтымақтастықтағы елдердің де аталған дрондардың жаппай өндірісін пайдалана алатынын жеткізді. Сонымен қатар Ұлыбританияның да Anka дрондарын сатып алуға мүдделі екені белгілі болды.

Anka ұшқышсыз басқарылатын дрондары соңғы жылдары Түркияның шекара қауіпсіздігі мен лаңкестікпен күресте маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда, 2020 жылдың ақпан-наурыз айларында Түркия қарулы күштерінің Сириядағы "Көктем қалқаны" операциясында бұл құрылғының қажеттілігі дәлелденді.