Түркия президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

0
2 611

Наурыз айының соңында Түркістанда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді.


Түркия президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости Телеграм арнасы ақпарат таратты.

Ердоған 30-31 наурыз аралығында Қазақстанға келеді, делінген хабарламада.

Наурыз айының соңында Түркістанда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді.

Түркі кеңесі - қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым, оның басты мақсаты мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия және Өзбекстан кіреді, ал Венгрия оған бақылаушы ретінде қатысады.