Түркияда Қожанасыр апталығы өтіп жатыр

0
1 780

Түркі әлеміне ортақ кейіпкер Қожанасыр Акшехир қаласында туды деп есептеледі.


Түркияда Қожанасыр апталығы өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Түркияда Қожанасыр апталығы өтіп жатыр. Белгілі әзіл кейіпкеріне арналған апталық 5 шілдеде басталып, бүгін мәресіне жетеді, деп жазады baq.kz.

Түркі әлеміне ортақ кейіпкер Қожанасыр Акшехир қаласында туды деп есептеледі. Османлы падишасы Йылдырым Беязыт кезінде өмір сүрді деп қабылданады. Жауап тапқырлығымен, ақылымен таң қалдырып, адамдарды бір жағынан күлдірсе, бір жағынан ойлануға итермелеген тарихи тұлға. Оның аты аталған әзіл әңгімелер дүние жүзінің көптеген жерінде айтылады. Ол әлі де адамдарды күлдіре отырып, ойлануға шақырады.

Конья провинциясында орналасқан Ақшехир тұрғындары Қожанасырдың өмірде болғанына еш күмән келтірмейді. Тіпті, соның айғағы – қалада әпендінің құрметіне жыл сайын көңілді фестивальдың өткізілуі. Мерекенің басты бөлігі – салтанаттың бас кейіпкері есекке мініп, өзі басқаратын әсерлі де әсем шеру ұйымдастырылады. Қалада концерттер қойылып, жәрмеңкелер өтеді.