Түркияда маймыл шешек вирусын жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

0
795

Бұл туралы бүгін республиканың денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.


Түркияда маймыл шешек вирусын жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

ERNUR.KZ. Түркияда маймыл шешек вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы бүгін республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мәлімдеді, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Иммунитеті әлсіреп кеткен 37 жастағы науқасқа маймыл шешегі диагнозы қойылды. Ол бірден оқшауланды. Онымен тығыз байланыста болғандарыдң ауру жұқтырмағанын анықтадық. Бұл ауру ауа арқылы емес, физикалық тұрғыдан тығыз қарым-қатынас арқылы жұғатыны белгілі», - деп жазды елдің ДСМ басшысы Twitter-парақшасында.

Коджа сондай-ақ, вирус жұқтыру оқиғасы Түркияның қай қаласында тіркелгенін нақтылаған жоқ.