Түркияда жол апатына ұшыраған отбасына қатысты соңғы мәлімет белгілі болды – СІМ

0
726

Бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болды және бүгін елге оралуы керек болған.


Түркияда жол апатына ұшыраған отбасына қатысты соңғы мәлімет белгілі болды – СІМ

ERNUR.KZ. Түркияға саяхаттап барған қазақстандық отбасы жол апатына ұшырап, запдап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

«3 қыркүйекте Аланияда жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде қазақстандық отбасы зардап шекті. Жол апатынан оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның 2 жасар қызы қайтыс болды. Отағасы (1986 жылы туған) ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 2014 жылы туған ұлы да ауруханада, оның денсаулығына аса қауіп төнбеген», - делінген СІМ хабарламасында.

Ақпаратта айтылғандай, қазақстандық дипломаттар апатқа ұшыраған отбасының туыстарымен байланыста отыр.

«Аталған отбасыға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болды және бүгін елге оралуы керек еді», - дейді ведомстводан.

Бұған дейін Түркияда Қазақстан азаматшасы мен оның екі жасар сәбиі көз жұмғанын хабарлаған едік.