Түркиядағы апат: ҚР консулы шұғыл түрде жолға шықты

0
894

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.


Түркиядағы апат: ҚР консулы шұғыл түрде жолға шықты

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания аумағында туристер мінген микроавтобус апатына қатысты мәлімет ұсынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бүгін таңертең Алания тасжолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты», деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.