Түркиядағы жол апатында зардап шеккен 6 қазақстандық ауруханадан шығарылды

0
361

Жол апатынан кейін барлығы 11 қазақстандық ауруханада ем қабылдаған.


Түркиядағы жол апатында зардап шеккен 6 қазақстандық ауруханадан шығарылды

ERNUR.KZ. Түркияда жол апаты кезінде жарақат алған 6 қазақстандық ауруханадан шығарылды. Олар кешкі уақытта елге ұшады, деп жазады stan.kz.

Жол апатынан кейін барлығы 11 қазақстандық ауруханада ем қабылдаған.

"6 отандасымыз ауруханадан шығарылды және бүгін кешке Қазақстанға оралады. Өзге 5 Қазақстан азаматы дәрігерлер бақылауында қалады және қажетті ем қабылдайды", – делінген хабарламада.

Азаматтардың еміне қажетті шығындар сақтандыру полисі есебінен төленген.

"Қазақстандық дипломаттар да көз жұмған азаматтың туыстарына қажетті көмек көрсетуде. Құжаттар рәсімделген соң отандасымыздың мәйіті жақын арады Қазақстанға жеткізіледі", – деп қосты СІМ өкілдері.

Еске салайық, Түркияның Анталья курорттық провинциясындағы Алания қаласының маңында қазақстандық туристер мінген шағын автобустың жүк көлігімен соқтығысқан болатын.