Тұрлыханов ұлы үшін кешірім сұрады

0
620

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда өз сүйіктісі мен екі заңгерді соққы астына алғаны айтылған еді.


Тұрлыханов ұлы үшін кешірім сұрады

ERNUR.KZ. ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыханов әлеуметтік желілерде дау тудырған ұлының іс-әрекеті үшін кешірім сұрады, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасына жазба жариялады.

«Ақпанның 11- қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе оған Қазақстан Ресаубликасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын» , - деп жазған.

Еске сала кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда өз сүйіктісі мен екі заңгерді соққы астына алғаны айтылған еді.