"Түрмедегілер жаппай тамырларын кескен": ШҚО бойынша ҚАЖД түсініктеме берді

0
1 821

​Сотталғандарға ауруханаға жатқызусыз алғашқы медициналық көмек көрсетілді.


ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында № 18 түзеу мекемесіндегі сотталғандар жаппай тамырларын кескені туралы WhatsApp желісінде ақпарат тарады. ШҚО бойынша ҚАЖД аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп жазады Zakon.kz.


Алайда, құзырлы ведомство бұл арада екі сотталушының өзіне дене жарақатын салуы туралы сөз болып отырғанын нақтылады.

"2023 жылы 14 қыркүйекте ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 18 мекемеде екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салғанын хабарлаймыз. Сотталғандар бұл әрекеттерін мекеменің ұстау тәртібімен келіспеуіне байланысты жасағанын, атап айтқанда, мекемеде еркін жүріп-тұруын, теледидар көруді және камера есігін құлыптамауды талап ететіндіктерімен түсіндірген, делінген департамент хабарламасында.

Сотталғандарға ауруханаға жатқызусыз алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Бұл дерек ШҚО бойынша ҚАЖД-ның анықтамаларды тіркеу кітабына тіркелді. ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады.

Сонымен қатар, мекемеге прокуратура өкілдері келіп, сотталғандардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.