Түрмеден қашқан қостанайлық мектеп ауласында ұсталды

0
1 213

Қоныс колониясынан қашқан 33 жастағы ер адам қолға түсті.


Түрмеден қашқан қостанайлық мектеп ауласында ұсталды

ERNUR.KZ. Рудный қаласының полициясы түрме колониясынан қашып кеткен қылмыскерді ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Рудный қаласында учаскелік инспектор Қасымбек Қаржаубаев «102» кезекші инспекторынан мектеп-гимназия аумағында бөгде ер адамның ішке енуге тырысқаны туралы хабарлама алған.

«Оқиға орнына келген полиция майоры мас күйінде болған күдікті ер адамды байқайды. Қолына кірпіш ұстаған күдікті оқу орнына кірмек болады. Тіпті, полиция қызметкеріне оған әлдекімдер шабуыл жасап, ұрғанын айтқан. Алайда, тәжірибелі майор оның бұл алдауына түспеді», - дейді Рудный полиция басқармасының ресми өкілі Ілияс Құдабаев.

Қасымбек Қаржаубаев оның түрме колониясынан қашып кеткен қылмыскер екенін бірден байқаған. Ол тәртіп сақшысына қарсылық көрсеткен. Әлденеше уақыттан соң оқиға орнына уческелік инспектор Олег Ращупкин келді. Осылайша, қоныс колониясынан қашқан 33 жастағы ер адам қолға түсті. Қазіргі уақытта қылмыскер мерзімді өтеу орнына жеткізілді. Еске салсақ, полиция қоныс колониясынан қашып кеткен Арман Жұмановқа іздеу салған болатын.