Түсініксіз аударылған жарнама жазбасы жұрттың ашуы мен күлкісін тудырды

0
4 448

«Мені қайнатуға керек жоқ»: қазақ тілінде қате аударылған сүт қорабындағы жазу жұрт ашуына тиді


Түсініксіз аударылған жарнама жазбасы жұрттың ашуы мен күлкісін тудырды

фото:sn.kz

ERNUR.KZ. «Мені қайнатуға керек жоқ»: Сүт қорабында қазақ тілінде қате аударылған жазу жұрттың күлкісіне айналды, деп жазады sn.kz.

Өкінішке қарай, орыс тілінен қазақшаға қате, әрі дөрекі, түсініксіз аударылған жарнама жазбаларынан құтыла алмай келеміз. Мұндайға етіміз де, көзіміз де үйреніп кеткен. Десе де, сүт қорабындағы «Меня не нужно кипятить» сөзін тікелей «Мені қайнатуға керек жоқ» деген аударма жұрттың ашуын да, күлкісін де тудырды.

Бұл туралы белгілі сазгер Айгүл Бажанова өз Facebook-парақшасында жариялаған.

«Мені қайнатуға керек жоқ». Мені аудармашы қылып алыңыздаршы, тіпті аударатын адам таппай жатсаңыздар! Жалпақ тілмен, түсінікті әрі дөрекі емес етіп аударып берейін!», – деп жазды желідегі парақшасына.

Желі қолданушылары өз елімізде тұрып, өз қазақ тілімізді құрметтей алмағанымыз үшін қынжылды. Сондай-ақ, қазақ тілінде берілетін әр жарнаманы жоғары жақта отырған тіл мамандарының жіті қадағалап отыруы қажет екендігін айтты.