Тұтынушы мерзімі өткен өнімдерді анықтаған жағдайда не істеуі қажет?

0
1 091

Өтінішті электронды және жазбаша түрде қалдыруға болады.


Тұтынушы мерзімі өткен өнімдерді анықтаған жағдайда не істеуі қажет?

ERNUR.KZ. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін дүкендерінде сату фактілері анықталған және табылған жағдайда ел азаматтары Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіне алады, деп жазады Елорда Инфо.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ТҚҚК мүдделі органдармен бірлесіп, нормаларға сәйкес келмейтін өнімді өткізетін кәсіпкерлерді заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту және алып қою жөнінде шаралар қабылдайтын болады», - делінген ведомствоның Facebook парақшасында.
Өтінішті Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 2-кіреберіс мекен жайы бойынша қалдыруға болады. Сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жолдауға мүмкіндік бар.