Туу туралы куәлікті енді мобилді қосымша арқылы алуға болады

0
614

Өтінімді берген кезде ата-аналар қосымшада бейнетексеруден өтеді - смартфон камерасына бет-әлпетіңізді көрсету қажет.


Туу туралы куәлікті енді мобилді қосымша арқылы алуға болады

ERNUR.KZ. Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы да алуға болады, деп жазады sputnik.kz.

Өтінімде баланың аты-жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО-ны таңдайсыз.
Өтінімді берген кезде ата-аналар қосымшада бейнетексеруден өтеді - смартфон камерасына бет-әлпетіңізді көрсету қажет. Бұл сіздің құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған.
Сондай-ақ Egov.kz электронды үкімет порталында құжатты онлайн рәсімдеуге болады.