​Twitter жарнаманы кім ілгенін көрсете алатын тетік ойлап тапты

0
1 616

Келешекте ол тетікпен кез келген жарнаманы тексеруге болады.


​Twitter жарнаманы кім ілгенін көрсете алатын тетік ойлап тапты

Twitter блогында жарияланған мәлімдеме бойынша, әзірге ол АҚШ-тағы саяси жарнамаларға қатысты ғана жұмыс істейді. Келешекте ол тетікпен кез келген жарнаманы тексеруге болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, қолданушылар арнайы құрылған интернет-парақшаға кіріп, іздеу қызметі арқылы кез келген жарнамалық твитті және жарнама беруші туралы тиісті ақпаратты таба алады.

Егер жарнама саяси мазмұнда болса, онда қосымша мәліметтер, оны ілуге төленген қаржы көлемі және оның қандай аудиторияға арналғаны көрініп тұрады.

Жаңа қызмет АҚШ-тағы сайлау компаниясы кезінде ілінген жарнаманың қайдан берілгенін анықтауға көмектесетіні айтылады.

Бұған дейін Twitter Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға киліккенімен байланысты 200-ге тарта аккаунтты бұғаттаған.

Facebook компаниясы бұған дейін ресейлік қолданушылардың желіде сатып алған жарнамасының АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауымен ықтимал байланысы туралы зерттеуін жариялаған. Мұндай жарнамалық хабарламаларды шамамен 10 миллионға тарта қолданушы көрген. Бұдан кейін Facebook саяси жарнамаға бақылауды күшейткен. Әлеуметтік желі жарнаманы кім бергенін және оның қайда орналасқанын тексереді.