«Уақып» қорына жаңа басшы тағайындалды

0
541

Бұдан бұрын «Уақып» қорының президенті лауазымын Қайрат Айтбай атқарған болатын


«Уақып» қорына жаңа басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. «Уақып» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің сырттай отырысының шешімімен Қайрат Әзімов «Уақып» қоры президенті қызметіне тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайрат Әзімов «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Инвестицияларды тарту департаментінде және ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы, «Уақып» қоры Қамқоршылар кеңесінің хатшысы Қайсар Жанаханов Қордың жаңадан тағайындалған президентін салтанатты түрде ұжымға таныстырып, алдағы уақыттағы жұмыстарына табыс тіледі.

Бұдан бұрын «Уақып» қорының президенті лауазымын Қайрат Айтбай атқарған болатын, енді ол Қамқоршылар кеңесінің шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды.

Айта кетерлігі, «Уақып» қоры ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған және коммерциялық емес қайырымдылық ұйым, оның қызметі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық бағытындағы іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ діни қызметкерлердің қызметін жетілдіруге және діни ұйымдардың қызметін қолдауға бағытталған.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет