Уақытша ұстау изоляторларында қаза болған 9 адамға қатысты іс тергеуде - Бас прокурор

0
566

Азаптау және қызметті асыра пайдалануға қатысты 243 қылмыстық іс қозғалған.


Уақытша ұстау изоляторларында қаза болған 9 адамға қатысты іс тергеуде - Бас прокурор

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасына байланысты Прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістемесі бойынша барлығы 301 шағым түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Олар бойынша азаптау және қызметті асыра пайдалануға қатысты 243 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте 234 қылмыстық іс қаралып жатыр.

«Уақытша ұстау изоляторларында адамдардың қаза болғаны туралы тоғыз жағдайды арнайы прокурорлар тергеуге алды. Аталған істер аясында ұсталғандар 9 лауазымды тұлға, оның ішінде 8 адам ҰҚКД қызметкері және біреуі полиция қызметкері. Олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның ішінде Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында үтік қолданып азаптаған полицей бар. Алматы қаласында да ҰҚКД-ның алты қызметкері азаптауды қолданды деген күдікке ілінді. Бұған қоса, «Жабайы Арман» қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматтың барлығы дене жарақатын алып, бір адам қайтыс болды. Алматы облысы ҰҚКД-ның тағы екі қызметкері бұрын уақытша ұстау изоляторында ұсталған адамды ұрып-соққан. Тергеу жалғасуда»,- дейді Бас прокурор Берік Асылов.

Оның айтуынша, республика бойынша барлығы 230 адам қаза тапты, оның ішінде 19 әскери және қауіпсіздік күштері. Алматы қаласында қаза тапқандар саны 139 адам. Оның ішінде 53 қайтыс болған адамның өлімнің мән-жайы анықталуда. Олар қала аумағында әртүрлі жарақаттармен, соның ішінде 48 – атыс, 2 – пышақ жарақаттарымен табылған.