ҰБТ-да ең жоғарғы балл жинаған екі талапкердің ереже бұзғаны анықталды

0
540

Тестіленушілердің ұпайы жойылды.


ҰБТ-да ең жоғарғы балл жинаған екі талапкердің ереже бұзғаны анықталды

ERNUR.KZ. Биыл Ұлттық бірыңғай тест басталғалы бері екі түлек 139 балл жинаған. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері түлектердің тест барысында адалдық қағидаларын сақтағанына көз жеткізбек болды, деп жазады exk.kz.

Тексеру кезінде аталған түлектердің ереже бұзғаны белгілі болды.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбеков өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“ҰБТ-2022 басталғалы бері 139 балл жинаған екі талапкер тіркелді. Сіздерге қуанышты жаңалықты айтпас бұрын қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу дерегі анықталды”, — делінген жазбада.
Руслан Емелбековтің айтуынша, тиісті шараларды қолданып, тестіленушілердің ұпайы жойылды.
“Құрметті талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 балл жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз”, — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.