ҰБТ-ға дайындық: сынама тестілеуді тегін тапсыруға болады

0
473

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді.


ҰБТ-ға дайындық: сынама тестілеуді тегін тапсыруға болады

ERNUR.KZ. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін сынама тестілеу іске қосылды. Тестілеу онлайн форматта Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді, деп жазады sputnik.kz.

Талапкерлерге сайтта тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.
"Екінші жыл қатарынан Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін тегін сынама тестілеуді іске қосып отыр. Өткен жылы бұл тестілеу 2 млн рет тапсырылған еді. Байқау сынағын өткізу технологиясы негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Яғни талапкерлерге калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алады. Бүгін біз тестердің 1 нұсқасын іске қостық, жақын арада база жаңартылады", – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Білім деңгейін тексергісі келетіндер үшін орталықтың сайтында ақылы онлайн тестілеу де іске қосылды. Тестерді мына сілтеме арқылы тапсыруға болады.