​ҰБТ нәтижесін Telegram арқылы білуге болады

0
2 031

Ол үшін тест тапсырушының жеке кодын енгізсеңіз болғаны.


​ҰБТ нәтижесін Telegram арқылы білуге болады

ERNUR.KZ. Биыл ҰБТ-ның нәтижесін Telegram желісі арқылы да білуге болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Тестілеуге республика бойынша 102 мыңнан аса түлек қатысуы тиіс. Қазір өңірлерде мектеп бітірушілер сынақ тапсырып жатыр. Биыл тест қабылдайтын 1200 аудитория жасақталған.

Атана қаласында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тестілеу басталды. Жалпы Астана бойынша бұдан бөлек тағы 2 оқу орнында сынақ қабылданып жатыр. Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда унирвеситетінде елордалықтар ҰБТ тапсырады.

Ал еліміз бойынша бұл шара 1 шілдеге дейін жалғасады. Осы жылы елімізде 7 мыңға жуық мектеп бітіруші «Алтын белгіден» үміткер. Сондай-ақ биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтіп жатқанын кез келген тұрғын онлайн жүйеде көре алады. Еліміздегі тест тапсыру аудиторияларының 90 пайызы осындай бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталған.

Әрі биыл жергілікті жерлерде комиссиялардың саны 1 жарым есеге артып, 5 мың адамға жетті. Бұл өз кезегінде сынақтың барынша әділ өтуін қамтамасыз етпек.

Биыл ҰБТ-ның нәтижесін Telegram желісі арқылы да білуге болады. Ол үшін тест тапсырушының жеке кодын енгізсеңіз болғаны. Бұдан бөлек, Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан да қарай аласыздар. Сондай-ақ ҰБТ жөнінде халықты мазалаған кез келген сұрақ бойынша қоңыраулар қабылдайтын арнайы колл-орталық іске қосылды.