ҰБТ тапсыруға рекордты көлемде өтініш берілді

0
712

Мектеп бітірген түлектердің 82 пайызы ҰБТ тапсыруға тіркелген.


ҰБТ тапсыруға рекордты көлемде өтініш берілді

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға тіркелгендер рекорд орнатты. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тест тапсыруға 131 471 оқушы өтініш берді. Олардың 111 017-сі оқуды биыл аяқтаған түлкетер болса, ал 20425-і былтыр бітірген және колледж студенттері. ҰБТ онлайн түрінде 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтті.


"Рекорд орнатылды: 82%! Биылғы түлектердің осыншама бөлігі ҰБТ тапсыруға тіркелді! Жыл сайынғы 70% мәреден өтіп, өтініштердің жалпы саны 131 мыңнан асты!", - деп жазды Смағұлов Facebook парақшасында.
Биыл оқушылар ҰБТ тапсыруға өтінішті алғаш рет электронды түрде берді.

"Қалай айтсақ та, онлайн форматтың көптеген артықшылығы бар және ең бастысы – таңдау мүмкіндігі. Ешкім мектеп оқушысының таңдауына әсер ете алмады және ҰБТ тапсыруға кедергі бола алмады", - деп атап өтті Смағұлов.