Үкімет 2021 жылы Қазақстанды дамыту үшін Ұлттық қордан 1 трлн теңге сұрады

0
696

Мұндай ұсынысты бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі мәлім етті.


Үкімет 2021 жылы Қазақстанды дамыту үшін Ұлттық қордан 1 трлн теңге сұрады

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы мен 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы жарлық жобасы қаралып, министрлер кабинеті құжаттарды бірауыздан мақұлдады. Премьер-министр осы мәселеге қатысы бар мемлекеттік органдарға Мәжіліске қажетті құжат дайындап, заң жобасы мен жарлықты төменгі палатаға енгізуді тапсырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Сіздің қарауыңызға Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы және 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы жарлық жобасы ұсынылады. Кепілдендірілген трансфертті 2021 жылы – 2,7 трлн теңге, 2022 жылы – 2,4 трлн теңге және 2023 жылы 2,2 трлн теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр», - деп мәлім етті Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. Министр бұл ақшалар әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталады деп мәлім етті.
«Ал, тиісінше, даму бағдарламаларын қаржыландыруды ұлғайту үшін 2021 жылы Ұлттық қордан 1 трлн теңге мөлшерінде нысаналы трансфертті тарту ұсынылып отыр», - деді Ұлттық қордан даму бағдарламаларына ақша сұраған Дәленов.