Үкімет Алматының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекітті

0
593

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Үкімет Алматының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекітті

ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі қаулысымен ҚР президентінің Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, жоспарда:

  • Сейсмологиялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді Қырғызстан мен Қытайдың ерте хабарлау жүйелерімен интеграциялау.
  • Көпқабатты үйлердегі өрттерді сөндіру үшін техникамен қамтамасыз ету деңгейін 80%-ға дейін арттыру арқылы өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту.
  • Үлкен Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік өзендерінің арналарында сел қаупі бар аймақтардағы тұрақтандырушы арналарын қайта құру және жаңадан салу.
  • Бірқатар су тарту құрылысын салу.
  • 500 электр зарядтау станциясын орнату.
  • Алматы ЖЭО-2 газға көшіру арқылы жаңғырту.
  • Ауаның сапасын жақсарту үшін заңнамалық базаны жетілдіру.
  • Бірінші LRT желісін жобалау және салу, жер үсті метрополитенін, студенттер жатақханаларын және басқа да нысандарды ұйымдастыру, базарларды жаңғырту, қаланың жобалық кодексін бекіту, жарықтандыруды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар халықаралық тәжірибе негізінде тұтынудың оңтайлы нормасын айқындау, қаланы 2040 жылға дейінгі кезеңге арналған сумен жабдықтау және су бұру схемасын әзірлеу және бекіту арқылы сумен жабдықтау саласында сараланған тариф енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге Алматы облысының Алматы қаласына іргелес жатқан 25 елді мекенді газдандыру қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласында мыналар жоспарланған:

  • Алатау өңірінде онкологиялық диспансері мен ауысымына 350 келушіге арналған емханасы бар 250 төсектік көпсалалы аурухананың құрылысы;
  • Орталық қалалық клиникалық аурухананың жаңа ғимаратын салу;
  • мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Медеу ауданында 200 төсектік халықаралық аурухана құрылысы (стратегиялық медициналық серіктес – Страсбург университеттік госпиталімен бірлесіп);
  • екі емхананы жаңғырту, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартына сәйкес 11 емхананы жобалау және салу.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.