Үкімет Аппараты басшысының міндетін атқару Ғалымжан Қойшыбаевқа жүктелді

0
1 061

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.


Үкімет Аппараты басшысының міндетін атқару Ғалымжан Қойшыбаевқа жүктелді

ERNUR.KZ. Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Үкімет Аппараты басшысы міндетін уақытша атқарады, деп жазады inform.kz.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Премьер-Министр Кеңсесін Үкімет Аппараты ретінде қайта құру және өзге де мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Оның барысында Үкімет Аппараты басшысы міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Қойшыбаев ведомствоның жұмысы бюрократиядан арылту, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» және орталықсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу қағидаттарына негізделетінін хабарлады.

Айта кетейік, Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев бұған дейін Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы болды.

Еске салайық, 2 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.