Үкімет басшысы Дағдарысқа қарсы жоспарды 25 наурызға дейін енгізуді тапсырды

0
343

Үкімет басшысы жауапты органдарға Дағдарысқа қарсы жоспарды таяу арада талқылауға енгізуді жүктеді.


Үкімет басшысы Дағдарысқа қарсы жоспарды 25 наурызға дейін енгізуді тапсырды

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жауапты органдарға Дағдарысқа қарсы жоспарды 25-ші наурызға дейін енгізуді тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы елімізді қарқынды түрде дамыту, экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын жақсарту жөнінде аса ауқымды міндеттер қойды. Осыған орай, Сіздердің назарларыңызды келесі мәселелерге аударғым келеді.

Біріншіден, Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шаралар пакетін тез арада жүзеге асыруды тапсырды.

Дағдарысқа қарсы шаралар экономиканы қолдауға, инфляцияны бақылауды күшейтуге, валюта нарығын тұрақтандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған», - деді Ә. Смайылов.

Бұл ретте Үкімет басшысы жауапты органдарға Дағдарысқа қарсы жоспарды таяу арада талқылауға енгізуді жүктеді.

«Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне, Ұлттық банк және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Дағдарысқа қарсы жоспарын 25-ші наурызға дейін енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.