Үкімет басшысы мұнайшылардың жалақысын көтеруді тапсырды

0
1 177

Жиын барысында премьер-министр мұнай саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбекақысын арттыруды, Ақтөбе қаласында магистралды газ құбырының үшінші желісінің құрылысын қаржыландыруды тапсырды.


Үкімет басшысы мұнайшылардың жалақысын көтеруді тапсырды

ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысында өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ол Ақтөбе облысы еліміздің маңызды өнеркәсіптік және аграрлық өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Мұнда мұнай өңдеу, құрылыс және азық-түлік өнімдері өндірісі белсенді түрде дамып келеді.

Жиын барысында премьер-министр мұнай саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбекақысын арттыруды, Ақтөбе қаласында магистралды газ құбырының үшінші желісінің құрылысын қаржыландыруды тапсырды.

Сондай-ақ үкімет басшысы өңірде атқарылуы тиіс бірнеше жұмысты міндеттеді.

  • Ақтөбе қаласында магистралды газ құбырының үшінші желісінің құрылысын қаржыландыру;
  • мұнай саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбекақысын арттыру;
  • тиісті қаржыландырумен «Ақтөбенің кәріз жүйелерін реконструкциялау» жобасын бірінші кезекте іске асырылатын жобалар тізбесіне қосу;
  • Өңірді дамытудың кешенді жоспарын және жоспарланған инвестициялық жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды тапсырды.

2022 жылы Ақтөбе облысын дамытуға республикалық бюджеттен 150 млрд теңге бөлінетін болды.

Ал Жаңаөзенде 19 сәуірде басталған «КЕЗБИ» мекемесі жұмысшыларының ереуілі әлі жалғасып жатыр. Жүздеген жұмысшының мүддесін қорғау үшін олардың 20-дан астам өкілі 2 мамырдан бері Нұр-Сұлтанда жүр. Олар бірнеше министрлікті аралап, депутаттармен кездесті. Алайда «КЕЗБИ» жұмысшылары мен басшылары Астанада да мәмілеге келе алмады.