Үкімет Парламентпен бірге нәтижелі жұмыс атқарады – Мамин

0
2 353

Премьер-министр осы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда Үкімет Парламентпен бірге нәтижелі жұмыс атқаратынын айтты.


Үкімет Парламентпен бірге нәтижелі жұмыс атқарады – Мамин

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті VII шақырылымының алғашқы отырысында жаңадан сайланған премьер-министр сөз сөйледі, деп жазады baq.kz.

"Маған артылған сенім үшін алғыс білдіремін. Бұл - мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. Алдымызда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды үлкен мақсат-міндеттер қойылған. Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің дамуы бойынша басым бағыттарды жариялады. Оның ішінде халықтың әл-ауқатын арттыру және табысын арттыру, инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу мен жұмыс орындарын ашу сынды бағыттар бойынша бірқатар тиімді шара қабылданады. Бұл міндеттерді экономиканы қарқынды дамыту арқылы жүзеге асыруға болады", - деді Мамин.

Премьер-министр осы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда Үкімет Парламентпен бірге нәтижелі жұмыс атқаратынын айтты.