ҰҚК Алматы мен Павлодарда арнайы операция жүргізді

0
776

Заңсыз айналымнан жеті "Калашников" автоматы және екі "Макаров" тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынған.


ҰҚК Алматы мен Павлодарда арнайы операция жүргізді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті, - деп жазады Tengrinews.kz.

25 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік қызметі 4 қызметінің 5 департаменті және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлескен өзара іс-қимылда арнайы операция өткізіліп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында "М" және "П" іс бойынша күдіктілер ұсталды.

"Заңсыз айналымнан жеті "Калашников" автоматы және екі "Макаров" тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды", - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Комитеттің хабарлауынша, ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.