ҰҚК қызметкері 8 жылға бас бостандығынан айрылды

0
1 517

​Астанада ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған ҰҚК-нің экс аға тергеушісі Асхат Шотайға үкім шықты. Есіл аудандық соты оны 8 жылға бас бостандығынан айырып, жауапты-материалды қызметтен де 7 жылға дейін шеттетілді, - деп жазады RATEL.KZ


ҰҚК қызметкері 8 жылға бас бостандығынан айрылды

Астанада ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған ҰҚК-нің экс аға тергеушісі Асхат Шотайға үкім шықты. Есіл аудандық соты оны 8 жылға бас бостандығынан айырып, жауапты-материалды қызметтен де 7 жылға дейін шеттетілді, - деп жазады RATEL.KZ

Оған қоса, бұрынғы ҰҚК қызметкерінен 50 млн.теңге өндірілетін болады.

Сот ҰҚК-нің Тергеу департаментінің басшылығының назарына жеткізу үшін дәлелдемелер мен айғақ заттарды алу және тәркілеу, есепке алу, сақтау кезінде тиісті ережелер мен тәртіптің бұзылғаны жайлы жеке қаулы шығарды.

Еске салайық, «Асхат Шотай құмар ойындарына үйір» деген айып өткен жылы тергеу амалдары барысында айтылған. Бірақ оны 27 жастағы экс чекист жоққа шығарған-ды. Ал қылмыскердің қаржыны ҰҚК-нің орталық аппаратындағы сейфтен ұрлағаны тергеу барысында расталған.