ҰҚК полковнигінің мәйіті үйінің ауласынан табылды

0
387

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.


ҰҚК полковнигінің мәйіті үйінің ауласынан табылды

ERNUR.KZ. 2022 жыл 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Аталған фактіні Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл аудандық Полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді", - деп жазылған ресми ақпарда.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Толығырақ ақпарат алу әзірге мүмкін емес. Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, ол биіктен құлаған болуы мүмкін. Пәтерінің терезесі ашық қалған.