ҰҚК: шекарада VIN-коды жалған 27 көлік анықталды

0
593

Ақпарат бойынша, 2021 жылы шекарашылар осыған ұқсас заңбұзушылықтары бар 217 автомобильді анықтаған.


ҰҚК: шекарада VIN-коды жалған 27 көлік анықталды

2022 жылдың басынан бері ҰҚК Шекара қызметінің өткізу пункттерінде сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген 27 көлік анықталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 2021 жылы шекарашылар осыған ұқсас заңбұзушылықтары бар 217 автомобильді анықтаған.

"Көлік полиция органдарына берілді. Қазақстандықтар республикадан тыс жерде автокөлік сатып алғанда шекарадан өту кезінде осындай заңбұзушылықты болдырмау үшін сақ болуы керек", - делінген ҰҚК хабарламасында.