ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

0
616

6 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын босатып, орнына Ермек Сағымбаевты тағайындаған болатын.


ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

фото ашықдереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов және Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ал Марат Сапарұлы Өсіпов және Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Еске салайық, 6 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын босатып, орнына Ермек Сағымбаевты тағайындаған болатын. Ол бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болған.