Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды

0
471

Украинадан 900 қазақстандық эвакуацияланды, оның 743-і Қазақстанға қайтты.


Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау аяқталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәліметінше, 28 наурыздағы жағдай бойынша Катовицеден жеті рейс жасалған.

"Украинадан 900 қазақстандық эвакуацияланды, оның 743-і Қазақстанға қайтты. Қазіргі уақытта азаматтарды ұшақпен эвакуациялау аяқталды. Жабық елді мекендерде қалып қойған және көрсетілген рейстермен Украинадан шыға алмаған азаматтардың өтініші жеке тәртіпте қаралады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадан эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырған дипломаттарды наградтаған болатын.